Басты Жаңалықтар Маңғыстау өңірінде хауыздарда өсіріліп жатқан бекіре балығы биыл экспортқа шықты

Маңғыстау өңірінде хауыздарда өсіріліп жатқан бекіре балығы биыл экспортқа шықты

Бірақ зауыттың толық өндірістік қуатында жұмыс істеуіне бірқатар кедергі бар. Өңірге жұмыс сапарымен барған Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовке осы мәселе жеткізілді. Кәсіпорын жылына 60 мың тонна өнім шығаруы тиіс. Бұл үшін арнайы жабдықтар алынып, мамандар тартылуы қажет.

Сондай-ақ, кейінгі кездері Атыраудан шабақтар әкелу жағы да қиындаған. Аудан әкімі осы тұрғыда көмек көрсетуді сұрады. Жалпы, зауыт бастапқыда 16 мың бас шабақ өсіріп, олардың санын 27 мың бекіреге жеткізді. Соңғы екі жылда 15 мың тоннадай балық сатса, биыл көрсеткішті екі еселеуді көздеп отыр. 

 

Нысаналы ЫҒЫЛ

Бөлісу