Шымкент қаласында 9 қылмыстық топ ұсталды
Оңай олжаға кенелгісі келген ұйымдасқан топ мүшелері пәтер ұрлығы, автокөлікті тонау, алаяқтық сынды 73 қылмыс жасаған. Қарақшылар шілденің 7-і мен 13-і аралығында шаһарда өткен «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу іс-шарасы барысында қолға түсті. Қылмыстың үштен екісі бөлігі пәтер ұрлығына қатысты болып отыр. Топтың басшылары 35 пен 26 жас арасындағы тепсе темір үзетін Тараз, Қызылорда, Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Аталған деректер бойынша Қылмыстық Кодекстің бірнеше бабына сай іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынған.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14