Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан қажылық компаниясы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан қажылық компаниясы ашылды

25.07.2017

Аталған компания биыл қажылыққа 300 адамды алып барады. Бұл туралы бүгін Діни басқармадағы баспасөз мәслихатында айтылды. Қажылыққа барам деушілерге Діни басқарма 4200 немесе 3800 АҚШ доллары болатын екі түрлі пакет ұсынады. Бұл қаржының барлығы Меккеге барып қайту мен ондағы жатын орынға және тасымалдау мен медициналық көмек секілді қызметтерге жұмсалады. Жаңа компания пайда ретінде әрбір адамнан тек 60 АҚШ доллары көлемінде ақша алады. Бұл қажылар тобын бастап баратын діни басқарма қызметкерінің іс-сапар шығындарына жұмсалады.

Жалпы, қажылық сапарды ұйымдастырумен елімізде 10-нан астам туристік компания айналысады. Биыл қажылық науқан 26-тамыздан басталады. Оған Қазақстаннан 2500 адам барады. Бұл - өткен жылдармен салыстырғанда 2,5 есе аз.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу