Оңтүстік Қазақстанда қадағалаушы орган қызметкері мен тергеуші пара алу үстінде ұсталды
Олар салық төлеуден жалтарған кәсіпкерді жауапқа тартпау үшін жасырын жолмен «ауызбастырық» талап еткен. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Прокуратураның мәліметіне сай, кеше, 24-шілде күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы бірлесе кәсіпкердің арызы бойынша Шымкент қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының қызметкері мен Абай аудандық Ішкі істер департаментінің тергеушісі екі миллион теңге пара алып жатқан кезінде қолға түскен. Қазір осы іске қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Қолға түскен прокуратура қызметкері Шымкент қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14