Басты Жаңалықтар Алматыда қаржыгерлер балалармен шахмат ойнады

Алматыда қаржыгерлер балалармен шахмат ойнады

Алматыда Жансая Әбдімәлік атындағы академияның балалары мен қаржыгерлер арасында шахматтан жарыс өтті.  

Бұл шара ала тақта ойынын енді бастаған жасөспірімдердің ынта-жігерін арттыру үшін алғаш рет ұйымдастырылды. 14 жасында-ақ әлемдегі ең кішкентай гроссмейстер атанған, әлемнің екі дүркін чемпионы Жансая Әбдімәлік те шәкірттерімен бірігіп, қарсыластарын қапы қалдырды. Бірінші кезеңде-ақ балалар, ересектер командасын 16:1 есебімен ойсырата ұтты. Ал, сайыс бұдан былай жыл сайын дәстүрлі түрде өтпекші.   

 

Мирас МҰҚАШ

Бөлісу