Алматыда есірткі сатқандарға қатысты үкім шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда есірткі сатқандарға қатысты үкім шықты

19.07.2017

Алматыда есірткі сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Олар өздерінің заңсыз саудасын жарнамалау үшін тұрғын үйлердің қабырғаларын да пайдаланған.  

Яғни, көпқабатты үйлердің қабырғасындағы түрлі «графити» жазбалар мен суреттердің арасына есірткі сататындықтарын көрсетіп отырған. Мәселен, «Бар» деген жазба мен телефон нөмірлерін қалдырады. Бірақ, хабарласқандармен кездеспей, тек тұтынушы ақшаны электронды есепшотқа аударған соң ғана тауардың қайда жасырылғандығын айтып отырған. Сондай-ақ, әлеуметтік желі арқылы да осы тәсіл бойынша сауда жасаған.

2015 жылдың шілдесінен бастап, былтырғы жылдың тамызына дейін Алматыда есірткі сатып келген топ мүшелері тиісті жазаларын алды. Олар - үлгілі отбасынан шыққан белгілі оқу орындарда оқитын студенттер.

Хабарламаларға жазылу