Өскеменде қатты дауылдан бірнеше ғимараттың шатыры қирады
Бүгін кенеттен соққан қатты желден Өскемен қаласында ағаштар құлап, бірнеше ғимараттың шатыры қирады. Төтенше жағдайлар қызметі әзірге дауылдан келген зардап туралы толық ақпарат бере алмай отыр. Себебі, коммуналдық қызмет мамандары қаланы аралап, зардап шеккен нысандар туралы ақпарат жинауға кіріскен. Төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, қала тұрғындарынан 100-ге жуық қоңырау түскен. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар туралы мәлімет жоқ. Кешкісін әлеуметтік желіде тұрғындар дауылдан қираған ғимараттар мен жарнама баннерлерінің суреттерін жариялай бастады. Онда дауыл кезінде қираған он шақты көлік, шатыры ұшқан тұрғын үйлер мен кейбір ықшам аудандарда электр жарығы мен ыстық судың жоқтығы айтылған.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04