Лондон сити мен Астана арасында іскерлік қарым-қатынасты күшейтіп, біріккен жобалар жасау керек. Осындай мақсатпен Астанаға Лондон Сити лорд-мэрі Эндрю Пармли келді. Ресми тұлғалармен және бизнес өкілдерімен кездесу өткізіп, екі қала арасындағы байланысты нығайту жолдары қарастырылды. Лондон – халықаралық қаржы орталығы, банк, исламдық қаржы жүйесі дамыған қала. Мәселен, 20 банк исламдық қаржыландыру өнімдерін ұсынса, 70-тен астам жоғары оқу орындары ислам қаржы жүйесі бойынша мамандар дайындайды. Осындай ірі іскерлік қала әкімшілігі Астана халықаралық қаржы орталығына қызығушылық білдіріп, іскерлік байланыс орнатуға мүдделік танытты.
Қыркүйек айында «Бір белдеу – бір жол» бағдарламасы аясында Британия, Қазақстан және Қытай өзара кездесу өткізеді.
Әйгерім АҒЫЛТАЕВА