Мәжіліс депутаттары Павлодар облысының халқымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Павлодар облысының халқымен кездесті

07.07.2017

Парламент Мәжілісінің депутаттары аймақтарды аралап жүр. Мейрам Пішембаев пен Нұрлан Әбдіров Павлодар облысының Май ауданында бірқатар кездесулер өткізді. Олар алдымен Көктөбе ауылында бюджеттік сала қызметкерлеріне арнап салынып жатқан 16 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысымен танысты. Одан кейін Мейрам Пішембаев «Туған жер» бағдарламасының «Мектебіме тағзым» акциясы аясында өзі білім алған мектепке жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған 10 компьютер сыйға тартты.

Бұдан өзге, депутаттар ауданның құрметті азаматы, педагогика саласының ардагері Жидебай Арықбаевтың шаңырағында болды. Жидебай ақсақал аймақта атқарылып жатқан жұмыстар мен өңірдегі оң өзгерістер жайында әңгімеледі. Ауылда жеке кәсібін ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар жетерлік. Соның бірі – «Теміржан» шаруа қожалығы. Шаруашылық ұжымымен кездескен депутаттар елдегі ілгерілеушілікке көңіл толатынын жеткізді. Бұдан бөлек, халық қалаулылары тұрғындардың сауалдарына жауап берді.

Хабарламаларға жазылу