Қазақ режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі Оңтүстік Кореяда өткен Халықаралық кинофестивальде үздік деп танылды (ФОТО)
Қазақ режиссері Елзат Ескендірдің «Өліара» фильмі Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен дәстүрлі BIFF кинофестивалінде Sonje Award аталымы бойынша үздік картина деп танылды.
Сондай-ақ, режиссер 10 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сыйақы алды. Жас киногердің айтуынша, бұл – оның алғашқы марапаты.
«Бұл жеңісімді марқұм болған атам мен әжеме арнаймын. Аталмыш фильм - менің алғашқы туындым. Пусан кинофестивалінің қазылар алқасы мен продюсерлерге алғыс білдіремін», - деді Елзат Ескендір.
Аталмыш фильм қазақ жазушысы Оралхан Бөкейдің «Өліара» хикаятының желісінде түсірілген.


Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заң мен тәртіп – әділетті қоғамның негізі
13.11.2026, 20:30
Президент Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасын қабылдады
13.11.2026, 20:08
Президент көлік-логистика саласындағы жұмыс тиімділігін арттыруды тапсырды
13.11.2026, 20:07
Қаржы саласындағы жаңа өзгерістер
13.11.2026, 20:06
Заң үстемдігі – әділдік кепілі
13.11.2026, 20:05
Әлем жаңалықтарына шолу
13.11.2026, 20:04
Президент жемқорлыққа қарсы шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды
13.11.2026, 20:04
Дәмханадағы жарылыс: Жарақат алғандардың бірі ауруханадан шықты
13.11.2026, 20:03