Астана маңындағы орман алқабы 2020 жылға қарай 100 мың гектарға жетеді
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы елорданың «жасыл белдеуін» аралау барысында мәлімдеді. Қазіргі уақытта «жасыл белдеуде» 10 миллионға жуық ағаш пен 2 миллиондай бұта өсіп тұр. «Астана маңындағы орманды Бурабай орманымен қосу міндеті іс жүзінде орындалды», - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.
Жаз мезгілінде Астананы жағалаған «жасыл белдеуді» аралауды Мемлекет басшысы дәстүрге айналдырды. Биыл да жалғастырды. Жайқалған жасыл алқапты көкте тік ұшақпен тамашалады. Кешегі кішкентай талдар бүгіндері ну орманға айналған.
Белдеуде қазір аң-құстың түр-түрі бар. Орман алқабын ондаған марал мен елік мекен етеді. Зиянкес жәндіктерді жоятын қырғауыл да бар мұнда. Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев белдеуге тағы бірнеше құс жіберді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11