Басты Жаңалықтар Енді журналистер жеке мәліметті азаматтың келісімінсіз жариялай алмайды

Енді журналистер жеке мәліметті азаматтың келісімінсіз жариялай алмайды

Бүгін Парламент Мәжілісінде ақпарат және коммуникациялар мәселелерi бойынша жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. Аталған заңда журналистке қандай да бір адамнан немесе оның заңды өкiлiнен оның жеке, отбасылық, дәрiгерлiк, банктік, коммерциялық және басқа құпияларын БАҚ-та жариялауға келiсiмiн алу мiндетi енгiзiлмек. Сонымен қатар, министр әлеуметтік желілер мен блогерлер бұқаралық ақпарат құралдарына теңестірілмейтінін жеткізді.

«Біз блогерлерді журналистерге немесе желілік басылымдарға теңестіруді ұсынған болатынбыз, алайда, қоғамдастық қарсы пікір айтып, біз ол норманы алып тастадық. Менің ойымша, мұнда ешқандай проблема жоқ. Бұдан бөлек, Қазақстанда тіркелген желілік басылымдар аталған заңнаманың нормаларымен реттеледі», - деді ол.

 

Индира БЕГАЙДАР

Бөлісу