Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Талқыға түскен тақырып «Рухани жаңғыру: Сананың ашықтығы». Басқосу барысында рухани жаңғыру және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың ақпараттық қолдау мәселелері айтылды.
Сондай-ақ, этносаралық татулық пен бірлікке атсалысқан тілшілерге Ассамблея атынан алғыс хаттар тапсырылып, бағалы сыйлық ұсынылды.
Елдос САПАРҒАЛИ