Қазір екеуі жолға шықты. Олар «Жасыл орам» тұрғын үй кешенінен шығып, «Бәйтерек» арқылы ЭКСПО қалашығына алып барады. Жүру тегін. Көлікті қуаттағыш құрылғылар аялдамаларда орналасқан, бар болғаны 8 минутта көлік толық қуат алады.
Ал, «Жасыл орам» тұрғын үй кешені - ЭКСПО нысандарының бірі. Сондықтан, онда шетелдік туристерді қабылдауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Оларға арнап қазақы ауыл салынады. Хан шатырдың маңынан бой көтерген аудан әлемдегі үздік сәулетті құрылыстардың қатарына жатады. Ғимарат толығымен Күннен қуат алатын әйнектермен қапталған. Тіпті, едендерінің өзі аяқпен басқан сайын энергия таратып отырады. Қазір соңғы әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта мұндай «ақылды үйлер» елорданың бірнеше жерінен және басқа да үлкен қалаларда салынбақ.