Бүгін - елімізде Балаларды қорғау күні. Мейрамды 1950 жылдан бері әлемнің көптеген мемлекеті тойлап келеді. Алғаш рет Біріккен Ұлттар Ұйымы бастаманы дер кезінде қолдап, бүлдіршіндердің өмірін, құқығын, денсаулығын қорғауды өз қызметінің басты бағыттарының біріне айналдырды. Елімізде жаздың алғашқы күнімен тұспа-тұс келген мерекеде түрлі мәдени-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылады.
Бас қаладағы ауқымды шараның бірі - балалар шеруі бүгін әкімдік ғимаратының алаңында сағат 11-де басталады. Ал, Жастар театрында кішкентай тұрғындарға арналған ертегілер қойылмақ.
Жалпы, Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, бүлдіршіндердің құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, мейірім көрсетуге үндейтін күн.