Бүгін Қызылордада Арал мәселесіне қатысты форум басталды
Халықаралық шараға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова және әлемнің 27 елінен 130-ға жуық делегат қатысуда. Арал мәселесі қазір дүниежүзін алаңдатып отырған үлкен проблема. Теңіздің шығыс бөлігі мүлдем құрдымға кетіп барады. Судың тұздылығы мөлшерден асады, бір литрге 150 грамм. Мұның ауыл шаруашылығына да кері әсер ететіні жасырын емес. Теңізді сақтап қалу мүмкін болмаса да, экологиялық ахуалды жақсарту керек деп ғалымдар дабыл қағуда. Осындай ортақ мүддеден туған «Халықаралық Аралды құтқару» қорының тізгінін бұл жолы Өзбекстаннан Түркіменстан алды. Шараға қатысушылар осы қордың құрылған күні 26 наурызды - «Арал теңізінің күні» ретінде жариялау жөнінде бастама көтерді және ол қолдау тапты.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04