Батыс Қазақстанда бұрынғы мектеп бітірушілер туып-өскен ауыл-аймағына тарту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда бұрынғы мектеп бітірушілер туып-өскен ауыл-аймағына тарту жасады

30.05.2017

«Туған жерге тосын сый». Батыс Қазақстанда бұрынғы мектеп бітірушілер туып-өскен ауыл-аймағына тарту жасауда. Мәселен, Қазталов ауданына қарасты Жалпақтал орта мектебінің 1997 жылғы түлектері кіреберіс жолға ауыл атын әдемілеп жазып, конструкциялық атау белгі орнатты. Онымен қоса, жарық шамы бар 30 бағана қойып, 2 шақырым жол жиегін самаладай жарқыратты. Туған жерге тағзым еткен түлектер бұл игі іске 7 млн. теңге қаражат жұмсаған.

Жалпы, Жалпақталда мұндай игі дәстүр бұрыннан бар. Бұған дейінгі түлектердің бір тобы ауылда саябақ ашып, енді бірі мешітті қалпына келтіріп, балалар алаңын ел игілігіне берген. Мектеп бітірушілердің көмегімен мектеп жөнделіп, субұрқақ салынып, зираттар қоршалған. Соғыс ардагерлерінің ескерткіш тақталары, мүсіні орнатылған. 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу