Корей халқының Қиыр Шығыс пен Орталық Азияға күштеп көшірілгеніне биыл 80 жыл
Осыған орай Мәскеу қаласында ТМД елдерінен келген корей диаспоралары бас қосып, ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Жиында 1937 жылы депортацияланған корейлердің тұрмысы мен тарихы жайлы баяндамалар жасалып, олардың қазіргі хал-ахуалы талқыланды. Жиында сөз алған меймандардың басым бөлігі, Орта Азия халықтарына, соның ішінде Қазақ еліне ерекше алғыс айтты. Себебі Қазақстандағы сауатты ұлтаралық саясаттың арқасында, түрлі ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.
Бұл күнде елімізде шамамен 100 мыңнан аса корей бар. Олар қазіргі қазақ қоғамының толыққанды бір мүшесі ретінде түрлі салада табысты қызмет етіп жүр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04