Мәскеуде қатты дауыл соғып, 16 кісі қайтыс болды
Кеше Мәскеу қаласы мен облысында қатты дауыл соғып, 16 кісі қайтыс болды. Ал, 150 адам түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің басым бөлігі, қатты желден құлаған ағаш немесе түрлі жарнама тақталарының астында қалған. Мамандардың айтуынша, жаңбыр аралас жойқын дауылдың жылдамдығы секундына 22 метрге жеткен. Табиғи апат - Ресей астанасына айтарлықтай шығын әкелді. Желдің қаттылығы сонша, өсіп тұрған мыңдаған ағашты тамырымен қоса жұлып алған. Олардың басым бөлігі аулада немесе көшеде тұрған көліктерді басып қалды. Осылайша, біраз уақытқа дейін қалада көлік қозғалысы қиындады. Қазір құтқарушылар апат болған жерлерді тазалап жатыр. Мұндай қатты дауыл Мәскеуде соңғы 100 жылда бірінші рет болып отыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05
Қоғамдық тәртіп пен тазалыққа нұқсан келтірген 500-ге жуық азаматқа шара қолданылды
18.07.2026, 20:05
Сайлаудың ашық өтуі мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіреді
18.07.2026, 20:05
Бельгиялықтар асырап алған қазақ қызы туыстарымен қауышты
18.07.2026, 20:04