Керекулік кәсіпкер ауылын абаттандыруға 80 млн. теңге жұмсады
Керекулік кәсіпкер Александр Поляков өзінің туған жері Орловканы дамытуға 80 миллион теңге қаржы жұмсады. Ауылдың ажары ашылып, таза, сәнді кейіпке енді. Жолдарға асфальт төселді. Жаңа әлеуметтік нысандар, жұмысшылар жатақханасы салынды. Тіпті көшелерге бейнекамералар орнатылды. Учаскелік инспектор енді ауыл ішіндегі қозғалысты бір жерден бақылап отырады. Александр Поляков басқаратын «Победа» серіктестігі егіншілік және мал өсірумен айналысады. Бүгінде 300-ден аса тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Орловка соңғы бес жылда облыста көшбасшы ауыл атағын иеленіп келеді. Қазір мұнда «Даңқ» аллеясын ерекше демалыс орнына айналдыру жұмыстары жүріп жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04