Шығыс Қазақстанда мотожарыстарға арналған көлік құрастырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда мотожарыстарға арналған көлік құрастырылды

24.05.2017

«Багги» деп аталатын спорттық темір тұлпардың Қазақстанда әзірге баламасы жоқ.

Анатолий Бородулин соңғы үш жыл бойы осы «Баггиді» құрастырумен айналысып келеді. Шұрық-тесік жолсыз жерлерді бағындыратын темір тұлпардың қазір бес моделі дайын. Әрқайсысының бағыты әртүрлі. «Алайда, ортақ тетігі бар. Ол көліктің қауіпсіздігі», дейді өнертапқыш.

Алғашқы көлігін екі жыл құрастырса, соңғысына 6 ай уақыт кеткен. Көлік жасауды меңгеріп, машықтанып алған ол «өзгелерін әзірлеуге шамамен 30 күн жеткілікті», дейді. Құрастырған соңғы көлігінің жылдамдығы сағатына 180 шақырым болса, кейінгілерінің жылдамдығын 320 шақырымға жеткізбек. Қазір өнертапқыш алтыншы «багги» моделін құрастыруға кірісті. Екі орындық темір тұлпар отбасылық саяхатқа арналмақ. Жалпы, өнертапқыш спорт көлігінің тағы 9 түрін жасап шығаруды көздеп отыр. Бүгіннің өзінде павлодарлықтар мен астаналықтардан тапсырыс түсіп жатқан көрінеді. Әсіресе, балаларға арналған «баггиге» сұраныс артқан.

Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу