Алматыда Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот ісінің жарыс сөзі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот ісінің жарыс сөзі өтті

22.05.2017

Бүгін Алматыда Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот ісінің жарыс сөзі өтті. Істі қараған прокурор судьядан «Феникс» фильмін түсіру үшін бөлінген ақшаны жымқырды, деп айып тағылған Жаманқұловты 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық бойынша жазаны жеңілдететін мəселелерді ескеріп, оны 3 жыл 6 айға қысқартып, жазасын шартты түрде тағайындауды айтты. Бірақ, өнер қайраткері өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізіп, судьядан барлық айыптауларды алып тастауын өтінді.

Естеріңізге сала кетейік, соттың алғашқы отырысы ақпанның 27-сі күні басталған. Былтыр 2-қарашада актер Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталып, оған фильмнің өндірісіне бөлінген 79 млн теңгенің 69 миллионын жымқырды, деген айып тағылған еді.

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу