Алматыда жалғызілікті ана төрт күннен бері далада түнеп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жалғызілікті ана төрт күннен бері далада түнеп жүр

18.05.2017

Алматыда бір жасар қызымен далада қалған әйел төрт күннен бері қала орталығында көшеде түнеп жүр.Қыс бойы әркімнің табалдырығын күзетіп, қабағын баққан Жанна есімді келіншек баласымен қайыр сұрауға мәжбүр. Өзінің айтуынша, жасы 30-да, Семей қаласының тумасы. Әкесі мен шешесі дүниеден өткеннен кейін, тағдыр тауқыметін көріп, 2003 жылы Алматыға келген. Сол уақыттан бері мейрамханаларда ыдыс-аяқ жуып, аспазшының көмекшісі  болып жұмыс істеген.

Жұмыссыз қалған соң, жалдамалы пәтерінен иесі қуып шыққан. Қиын жағдайға тап болған келіншекке көмек қолын созбақ болған тілшілерге құзырлы орган қызметкерлеріне апармауын өтінді,  соған қарағанда "баламнан айырады" деген үрейі бар.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу