Ақтөбеде 7 жасар өгей қызын сабаған ерлі-зайыптылар өз-өзіне қол салды
Ақтөбеде 7 жасар өгей қызын өлімші етіп сабаған ерлі-зайыптылар өз-өзіне қол салды. Олар биік мұнарадан секіріп өлді. Қайғылы оқиға кеше кешкілік болған. Бұл азаматтарға қатысты осыған дейін қыздарын ұрып-соқты деген айып тағылып, тергеу амалдары басталған еді. Еске салып өтейік, осыдан бірер күн бұрын Кристина есімді бүлдіршінді өгей шешесі аяусыз соққыға жыққан. Бала бірнеше күн бойы көрінбей кеткеннен кейін көршілер полицияға хабарласады. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары қызды шкафтың ішіне тығып қойған жерінен тауып алған. Бет-аузы көгеріп, көзінің айналасы іскен, денесінде жарақат бар. Ол бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. «Кристинаның қазіргі жағдайы бірқалыпты», дейді дәрігерлер.
Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04