Астанадағы тасымалдаушы компания қатаң сөгіс алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанадағы тасымалдаушы компания қатаң сөгіс алды

16.05.2017

Астанада қоғамдық көлік қатынасы саласында белгіленген міндетін орындамаған «Жорға МТ» компаниясына әкімдік қатаң ескерту жасады.

Қоғамдық көлікке жауапты қалалық басқарма сәуір бойы тексеріс жүргізіп, «Жорға МТ» ЖШС өзіне жүктелген шарттарды орындамағандығын анықтапты.

Әкімдік тарапынан аталған мекемеге соңғы ескертпе жасалды. Яғни, олар 10 күн ішінде бағыт санын көбейтіп, уақытылы аялдамаға келіп жетуі тиіс. Егер олай болмаған жағдайда бұл мекемемен келісім шарт бұзылады.

Қатаң сөгіс алған тасымалдаушы компания бұл ескертпені елемеген сыңайлы. Себебі осы жағдайға байланысты қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. 

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желілерде бас шаһардың қақ ортасында автобусқа сыймай жатқан жолаушылар туралы видео тараған болатын.

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу