Қызылордада 52 адам «Финстатус» компаниясының өкілдеріне алданған
Қызылорда облысындағы Амангелді ауылының 52 тұрғыны алаяқтарға алданды. «Финстатус» атты компанияның өкілдері «несиеңді жауып беремін, көмектесемін» деп жұртшылықтың сеніміне кірген. Ұрылардың сөзіне ерген көпшілік қолындағы бар ақшасын жиып-теріп берсе, енді бірі тағы несие алып, қарызға батқан. Осылайша азаматтар көмек түгілі, өздері берген қаржыны да қайтара алмай сан соғып қалған.
Прокуратура тұрғындардан түскен шағым бойынша тексеру жүргізді. Соның негізінде «Финстатустың» Қызылорда облысындағы бөлімшесінің жұмысы тоқтады. Ал, іс сотқа жолданды.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04