11 жастағы Балғынбекке көмек көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

11 жастағы Балғынбекке көмек көрсетіледі

28.04.2017

Біз өткен жаңалықтарымызда екі жыл бұрын тоққа түсіп, екі қолынан бірдей айырылып қалған 11 жасар Балғынбек Бахтияр туралы айтқан едік. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында тұратын жеткіншек жасанды қол салғызқысы келеді. Протезді шетелде емес, Алматыдағы Республикалық протездік-ортопедиялық орталығында да жасатуға болатынын Ұлттық арна эфирінен көріпті. Осылайша, Балғынбек Алматыға арнайы келіп, мамандармен кездесіп, тексерілген.

Миотестер деп аталатын құрылғы бұлшық еттің іске жарамдылығын анықтайды. Баланың бұлшық еттері электр қуатының соққысынан кейін жарақаттанған. Сондықтан, әрдайым миды жұмыс істетіп, қатып қалған бұлшық етті икемге келтіру қажет.       

«Маңғыстауда компьютердің пернетақтасын аяғымен басып, өлең жазатын Балғынбек алдағы уақытта сол шығармаларын жасанды қолымен теретініне сенімі кәміл. Өйткені, ешқашан жеңілмейтін, қиындықтарға мойымайтын еңбекқор бала»,- дейді әкесі.

Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу