ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейдегі қоғамдық көліктердің жұмысын сынға алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейдегі қоғамдық көліктердің жұмысын сынға алды

24.04.2017

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Семейдегі қоғамдық көліктердің жұмысын сынға алды. Аймақ басшысы қаладағы автобустардың біріне отырып, бірнеше аялдама жүріп өтті. Әкімнің пікірінше, көліктерде жүру кестесі сақталмайды.  Әрі тазалық  жоқ.  Жол жүру ақысы да төмен. Даниал Ахметовтың айтуынша, биыл қала жолдарын жөндеуге 2 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінген. Бірақ, жергілікті атқамінерлер жағдайды реттеуге асығар емес.

Дарын САҒАТОВ

Хабарламаларға жазылу