Шығыс Қазақстанда ұстаздардың 50 пайызы ғана вакцина алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда ұстаздардың 50 пайызы ғана вакцина алған

10.06.2021

Вакцина алмаған педагогтар балаларға тікелей қауіп төндіреді. Шығыс Қазақстанда осы уақытқа дейін ұстаздардың 50 проценті ғана вакцина алған. Сондықтан, өңір басшысы Даниал Ахметов маусымның соңына дейін облыстағы барлықмұғалімдер мен бала бақша тәрбиешілері егілуі тиіс-деген тапсырма берді. Індетке қарсы егілудің саябыр жүруі, Білім басқармасы мен жергілікті әкімдердің нашар жұмысының нәтижесі-дейді әкім. Осы айда облысқа 142 мың вакцина жеткілмек. Педагогтардан бөлек барлықмемлекеттік қызметкерлерге де екі күннің ішінде де вакцина алу қатаң тапсырылды

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі: 
Сөзсіз сіздерге, «Бұл ерікті түрде жүргізіледі» -деп айтуы мүмкін. Олардың айтқаны дұрыс болады. БІрақ, әрдір егілмеген мұғалім, баланың денсаулығы мен өміріне тікелей қауіп төндіреді. Сондықтан әрбір әкім бұл тапсырманы 3 күннің ішінде шешуі тиіс.

Ержан Жақып

Хабарламаларға жазылу