ШҚО-да 2018 жылы жаңа автозауыт іске қосылады – Д.Ахметов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 2018 жылы жаңа автозауыт іске қосылады – Д.Ахметов

14.12.2015
ШҚО-да 2018 жылы жаңа автозауыт іске қосылады – Д.Ахметов

Шығыс Қазақстан облысында жоспарланған уақыт бойынша жаңа автомобиль өндірісі іске қосылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.  

«2018 жылы бір жылда 180 мың автокөлік шығаратын завот іске қосылады. Кәсіпорынға инфрақұрылым жүргізу үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 миллиард теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстары басталып, жоспарланған уақыт бойынша жүруде», - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, Даниал Ахметов салынып жатқан зауыт өңір дамуына зор үлес қосатынын айтты. Себебі, облыста машинақұрастырумен айналысатын бизнес болашақта шығарылатын автокөліктердегі қазақстандық үлестің арттыруына жұмыс жасайды. 

Хабарламаларға жазылу