ШҚО әкімі Даниал Ахметов жалған баға үшін халықтан кешірім сұрады

10.04.2017

Ауыл шаруашылық жәрмеңкесін аралаған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жалған баға үшін жауапты тұлғалар жазаланатынын ескертіп, халықтан кешірім сұрады.

Глубокое ауданы өткізген шара барысын бақылау кезінде аймақ басшысы сөрелерде жазылған ет бағасының сатылу бағасынан әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізді. Жәрмеңкеге келген тұрғындар да осыны айтып, аймақ басшысына шағымданды. Облыс әкімі бағаларды ретке келтіруді тапсырды. Өз кезегінде Даниал Ахметов өскемендіктерден кешірім сұрады.   

 

 Зарина ҰЛЫҚБЕК

Хабарламаларға жазылу