ШҚО әкімі Даниал Ахметов Астанаға келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Астанаға келді

29.11.2017

«ЭКСПО көрмесі болашақ өміріміздің қандай болатынын көрсетіп берді». Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне келген ШҚО-ның әкімі Даниал Ахметов осылай деді. Өңірден халықаралық көрмені тамашалау үшін 122 мыңнан астам адам келген. Онда ұсынылған жобалардың ішінен 4-і қазір облыста өндіріске енгізіліп жатыр. Аймақ басшысы Шығыста экологиялық ахуалды оңалту үшін соңғы 3 жылда 11 млрд. теңге бөлінгенін айтып берді. Сондай-ақ, Аягөз, Ұлан, Жарма және Бесқарағай аудандарын сумен қамтамасыз ету мәселесі де жақында шешімін таппақ. Ал, Алакөл демалыс орнында бес жұлдызды қонақ үй құрылысы басталып та кетіпті.  Бұл өңірдің туристік әлеуетін арттыра түспек. Облыс әкімі «Серпін» бағдарламасының аймақта қалай іске асып жатқанын да әңгімелеп берді.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Қазір осы бағдарламамен 1200 бала оқып жүр. Риддер қаласына ОҚО-дан 200 отбасын әкелейін деп отырмыз.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу