Мамыр мерекелерінің тойлануына байланысты Астанада бірқатар көше жабылады. Бүгін арнайы баспасөз мәслихаты кезінде бұл тізімге қай көшелердің енгені мәлім болды.
7 мамыр өтетін парадқа дайындықтың басталуына байланысты, алдағы демалыс күндері 40-шы станциядан бастап, Тәуелсіздік даңғылына дейінгі жолда қозғалыс шектеледі. Әскери техника Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы көшесімен бас алаңға келеді. «Қазақ елі» алаңындағы көлік қозғалысы 22 сәуір тоқтап, мамырдың 7-і күні бірақ ашылады. Бұл күндері елордалық көлік жүргізушілері бұл аумақты айналып өткені абзал. Сондай-ақ, 9 мамыр «Мәңгілік полк» колонасы жүріп өтуі жоспарланған. Таңғы 9-дан түскі 13-00 ге дейін Тәуелсіздік даңғылының Пушкин көшесінен, Қалдаяқов көшесіне дейінгі аумағы жабылмақ.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ