Су тасқынынан зардап шеккен халықтың миллиондаған шығынын кім өтейді?
Су тасқынынан зардап шеккен халықтың миллиондаған шығынын кім өтейді? Сенатор Марат Тағымов, Премьер-Министрдің атына осындай депутаттық сауал жолдады. Ол жыл сайын Солтүстік және Орталық Қазақстандағы қалаларды су алуы үйреншікті жағдайға айналып кеткенін айтып, "дер кезінде қолға аламыз деп, үнемі уәде беретін орган өкілдерінің жұмысы көзге көрінбейді", - деді. Ресми мәліметке сүйенсек, биыл Атбасар қаласында 454 үй су астында қалып, 1 мың 379 адам көшірілді. Ал, Солтүстік Қазақстанда 500-ден астам үй су астында қалды. Мәселені шешу үшін қандай жүйелі шаралар қолға алынатынын сұраған депутат бұл өзекті сұрақ барлық отандастарымызды мазалайтынын жеткізді.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Таза Қазақстан – таза аймақ
17.07.2026, 20:15
Металлургтердің 75 пайызы – жас мамандар
17.07.2026, 20:13
Әлеуметтік желіге коменданттық сағат енгізіледі
17.07.2026, 20:09
Бангладеште қызылша індеті өршіді
17.07.2026, 20:08
Мүгедектігі бар азаматтарды қолдауға 1,1 трлн теңге бөлінді
17.07.2026, 20:07
Ресейде денге безгегі тіркелді
17.07.2026, 20:06
ОСК: «Ақ жол» партиясының кандидаттар тізімі тіркелді
17.07.2026, 20:06
Азаматтардың басым бөлігі сайлауға қатысуға дайын
17.07.2026, 20:05