Биыл көктемгі су тасқынынан 52 елді мекен зардап шекті
Биыл көктемгі су тасқынынан республиканың 7 өңірінен 52 елді мекен қиындық көріп отыр. Олар – Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе және Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстары. Қауіпті аймақтарда 6 мың адам, 87 мың бас мал қауіпсіз жерге көшірілген. 2 мыңға жуық баспана су астында қалып, 120 тас жолды су шайып кетті. Қазір 68 жол қалпына келтірілді. Әсіресе, Ақмола облысындағы жағдай қиын. Өңірде 900-ге жуық үй су астында қалды. 2500 тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген. Қазіргі су тасқыны салдарын жою мақсатында қауіпті учаскелерге құтқарушы, полиция, әскери қызметшілерден 3 мыңнан астам адам жұмылдырылып, 722 техника тартылған.
Жазира ДОСМАҒАНБЕТ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Транзиттік әлеует транформацияланады
11.11.2026, 21:41
7 жылда әлеуметтік салаға 88 трлн теңге бағытталды
11.11.2026, 20:15
Халықтық құрылыс: Соңғы жеті жылдағы жетістіктер
11.11.2026, 20:14
Түркияда «СОР31» экологиялық саммиті өтті
11.11.2026, 20:07
Бөліп төлеу тәртібін реттеу жолдары қарастырылып жатыр
11.11.2026, 20:05
Әбу-Дабиде үшжақты келіссөз аяқталды
11.11.2026, 20:04
Қазіргі сағат белдеуі табиғи күн ырғағына жақындатты
11.11.2026, 20:04
Ғылымға бизнес тарапынан қызығушылық төмен
11.11.2026, 20:04