Павлодарда жылу құбыры жарылып, кітапхананың 2500 кітабы жарамсыз болып қалды
С.Торайғыров атындағы Павлодар облыстық кітапханасының қоры бір түнде 2500 кітапқа кеміді. Себебі, жылу радиаторы жарылып, айналаға су жайылған. Әбден дымқылданған кітаптарды көтере алмаған сөрелер жерге құлаған, сөйтіп судың астында қалады.
Дәл осы сәтте бөгде дыбысты естіген кітапхана күзетшісі бірден жылу жүйесіндегі суды тоқтатып, кітаптарды құрғақ жерге көшіре бастайды.
Соның нәтижесінде біраз оқулықтар сақталып қалды. Қазір қаншалықты зақым келгені есептеліп жатыр. Алдын ала мәліметке қарағанда кітапхана қорындағы құны 2 млн теңгеге жуық кітаптар жарамсыз болып қалған.
Болат АМАНБАЕВ
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әр азамат ел тағдырына өз тағдырындай қарауға тиіс
09.09.2026, 10:18
Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай көрме ашылды
09.09.2026, 10:06
Автонесиеге сұраныс төмендеді
09.09.2026, 10:05
Astana Finance Days халықаралық қаржы форумы басталды
09.09.2026, 10:04
Қатерлі ісікті анықтауға ЖИ көмектеседі
09.09.2026, 10:03
Ерлан Қарин мемлекеттік байланыс орталықтарының жұмысын жақсартуды тапсырды
09.09.2026, 10:03
Қазақстан мен Қытай қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
09.09.2026, 10:02
Нью-Йоркте Huawei компаниясына қарсы сот процесі басталды
09.09.2026, 10:00