Басты Жаңалықтар Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты

Қазақстандық студент Максим Арышев Санкт-Петербургте болған терактіден қаза тапты

Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің өкілдері хабарлады. Санкт-Петербургтегі дипломаттар қаза тапқан студенттің денесін елге жеткізу мәселесіне көмек береді.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары бұл терактіге қазақстандық студенттің қатысы жоқтығын хабарлаған болатын. Үкімет үйінде өткен жиында комитет төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков «Максим Арышев керісінше теракт құрбаны болуы мүмкін», деген еді.

Бөлісу