Дархан Кәлетаев баспанаға үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дархан Кәлетаев баспанаға үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды

02.03.2017
Дархан Кәлетаев баспанаға үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды

Депутат Дархан Кәлетаев ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында қолжетімді баспанаға үміткерлер үшін жас бойынша белгіленген шекті деңгейді жоғарылатуды ұсынды.

«Отбасылар үшін өзекті мәселелердің бірі баспана екені белгілі. Халықпен кездесу барысында өтінімдердің ауқымды көлемі дәл осы тақырыпта болды. Бүгінде елімізде өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы жүзеге асырылуда. Онда қолжетімді баспананы бірнеше бағыттар бойынша салу қарастырылған»,-деп тоқталды депутат.

Алайда, баспана алуға үмітті отбасыларға бағдарламалар аясында азаматтардың жасы бойынша тиісті талаптар қойылып отырғаны белгілі. Бір санатта ерлі-зайыптылардың баласы болуы тиіс және некеде үш жылдан кем болмауы керек, сондай-ақ, олардың жасы 35-ке жетпеуі қажеттігі ескерілген.

Келесі осы «жас отбасы» санатында ерлі-зайыптылардың жасы 29-дан аспау керектігі көрсетілген.

Осы орайда Кәлетаев тұрғын үйге мұқтаж отбасылар үшін жас аралығы бойынша қойылатын шекті деңгейді жоғарылату маңызды екенін атап өтті.

«Құрметті Бақытжан Әбдірұлы, жоғарыда аталған бір санаттағы жас бойынша белгіленген шекті 35-тен 39 жасқа дейін, ал «жас отбасы» санатында 29-дан 35-ке дейін жоғарылату мәселесін қарастыруды сұраймын»,-деді депутат.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу