Алаяқтар «Қазпоштаның» атын пайдалана бастады
Алаяқтар қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлау үшін «Қазпоштаның» атын пайдалана бастады. Бас прокуратураның мәліметінше, 9 қарашадан бастап азаматтарға қазақ тілінде жалған хабарламалар таратыла бастаған. Онда сәлемдемені жеткізу үшін мекенжайды нақтылау қажеттігі айтылып, сілтеме арқылы өту ұсынылады. Алайда бұл – жеке мәліметтерді, соның ішінде тұрғылықты мекенжайды ұрлауға арналған фишингтік сайт. Осыған байланысты прокуратура күмәнді сілтемелерге өтпеуге, жеке және банк деректерін енгізбеуге шақырады. Сәлемдеме туралы ақпаратты тек «Қазпоштаның» ресми арналары арқылы тексеру қажет.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдау - ел дамуының жаңа бағдары
12.11.2026, 10:07
Қазақстан озық дипломатияның үлгісін көрсетті
12.11.2026, 10:06
СОР31-ДЕ Қазақстанның экологиялық бастамалары таныстырылды
12.11.2026, 10:05
Пәкістанда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды
12.11.2026, 10:04
Нью-Йоркте ғимарат құлап, 2 адам қаза тапты
12.11.2026, 10:03
100 мыңға жуық азамат банкрот деп танылды
12.11.2026, 10:01
Мәскеуде антитеррорлық стратегия қабылданды
12.11.2026, 10:00
Транзиттік әлеует трансформацияланады
11.11.2026, 21:41