Басты Жаңалықтар Пәкістанда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Пәкістанда полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында шабуылдан 11 полиция қызметкері қаза тапты. 9 адам жараланған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері заңсыз алтын өндіруге қарсы операцияға бара жатқан. Жергілікті полиция өкілінің мәліметінше, оларға оқ атқандар 5 қызметтік көлікке өрт қойған. Соңғы кездері Пәкістанда полиция қызметкерлеріне қарсы шабуыл жиілеп кеткен.

Бөлісу