Қазақстан озық дипломатияның үлгісін көрсетті
Қазақстан тәуелсіздік алған 35 жыл ішінде 70-тен астам халықаралық ұйымға мүше болды. Елдің сыртқы саясаттағы басты ұстанымы – теңгерімді дипломатия, өзара тиімді ынтымақ және бейбіт диалог. Осы жылдар ішінде Қазақстан түрлі мемлекеттермен достық қарым-қатынас орнатып, халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастықты нығайтты. Күрделі геосаяси жағдайда да ұлттық мүдде мен мемлекеттік егемендікті басты орынға қойып келеді. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты – заманауи дипломатияның озық үлгілерінің бірі.
СНХАлександр Стерник, РФ СІМ ТМД елдерінің үшінші департаментінің директоры:
Халықаралық жағдай күрделі әрі болжап білу қиын. Осындай кезеңде Қазақстанмен иық тірестіре отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға дайынбыз. Қазақстан осы жылдар ішінде үздік дипломатияның үлгісін көрсетті. Ірі халықаралық шаралар өтетін орталыққа айналды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы