Басты Жаңалықтар Реформалардың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту

Реформалардың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту

«Əділетті қоғамға – шыншыл сөз»: тарихқа құрмет, Отанға адалдық, ғылым-білімге ұмтылыс». Оралдағы Махамбет университетінде осындай атаумен алқа мәжілісі өтіп, ғалымдар мен студенттер Президент кітабын талқылады.  Мемлекет басшысы «Реформаларымыздың түпкі межесі – ұлттың сапасын жақсарту» дейді. Яғни, «Өркениеттің алғы шебіндегі мемлекетке айналу үшін тек үйренетін емес, өзгеге үйрететін ұлтқа айналуымыз қажет». Ол үшін бəсекеге қабілетті ұлт болуымыз керек.

Абат Қыдыршаев, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің департамент директоры, профессор, академик:

Ең басты мақсатымыз – университетіміздің студенттер қауымын әрбір тұжырымның, Мемлекет басшысының әрбір қағидалы ойының астарына үңілуге шақыру. Шын мәнінде, қазақ еліндегі бүгінгі таңдағы реформалардың негізі – қазақ ұлтының, Қазақстан Республикасында тұратын ұлттардың сапасын жаңарту, озық ойлы тұлғаларды баулу.

Бөлісу