Қазақстандықтардың зейнетақысы 2017 жылы қандай болмақ? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтардың зейнетақысы 2017 жылы қандай болмақ?

07.02.2017
Қазақстандықтардың зейнетақысы 2017 жылы қандай болмақ?

Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды, сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға ұлғайтуды тапсырған болатын. Бұл арттыру жалпы 2 млн 100 мың қазақстандықты қамтитынын айта кеткен жөн.    

Зейнетақыны арттыру жайлы айта отырып, әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан Қазақстан әлеуметтік төлемдерін, оның ішінде зейнетақы мөлшерін арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда.

Зейнетақы уақытылы төленеді. Оның мөлшері, жұмыс істейтін халықтың жалақысына қарағанда, тұрақты түрде жыл сайын, оған қоса инфляция деңгейінен 2% алға кетумен артып келеді, бұл 2014 жылы қабылданған 2030 жылға дейін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес келеді.  

Зейнетақыны арттыру бойынша жұмыс жоспарлы түрде, сәйкесінше бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен, ынтымақты және базалық зейнетақы төлеміне шығын 2016 жылы 1,3 трлн теңгеден астамды құрады, ағымдағы жылы олар 1,5 трлн теңгеден астамды құрайды.

«Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға артты, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тағы 13%-ға артады. Жалпы алғанда бұл оның 2016 жылға қатынасы бойынша 20%-ға дейінгі өсімін қамтамасыз етеді», – деді С. Жақыпова.

Қазіргі таңда базалық зейнетақы барлық адамға еңбек өтіліне қарамастан бірдей мөлшерде тағайындалады, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Сонымен қатар, зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту аясында әр зейнетақы алушының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай, базалық зейнетақы мөлшері әр адамға дербес түрде қайта есептелетін болады.  

«Егер азаматтың еңбек өтілі 10 және одан аз жыл болса немесе еңбек өтілі мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайтын болады, және бүгінгі мөлшерге тең болады. 10 жылдан кейінгі әр жылға базалық зейнетақы мөлшері 2%-ға өседі және 35 немесе одан да көп жылға базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайтын болады», - деді вице-министр.

Мысалға, 20 жылдың еңбек өтілі кезінде базалық зейнетақы мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын, 30 жыл - 90%-ын құрайтын болады (егер 10 жыл болса - 12 802 теңге, 20 жыл - 17 122 теңге, 35 жыл – 24 459 теңге).

С. Жақыпова бұл қазіргі және болашақ зейнеткерлерге де қатысты екенін айтып өтті.

«Осы орайда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап барлық базалық зейнетақы алушылардың алатын базалық зейнетақы мөлшері зейнатақы алушының зейнет ісінде көрсетілген еңбек өтілі туралы мәліметтері негізінде қайта есептелетін болады. 2018 жылдың бюджетінде осы мақсатта қосымша 116,3 млрд теңге қарастырылған», - деп сөзін қорытындылады С. Жақыпова.

 

Жакупова, пенсия

 

Вице-министрдің пікірінше, бұл бір жағынан үлкен еңбек өтілі бола тұра, кірістері туралы мәліметтің болмауы себебінен төменгі мөлшерде зейнетақы алып жүрген зейнеткерлерге әлеуметтік әділеттілік орнатуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – қазіргі және келешек буын қызметкерлерін еңбекке қатысты міндеттерін дұрыс рәсімдеуге ынтыландырады.

 

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу