«KazNews»-тің 17:30-дағы жаңалықтарында: Павлодар облысында өндірілетін залалсыздандыру құралдары Ресей нарығына жол тартпақ
1.Павлодар облысында өндірілетін залалсыздандыру құралдары Ресей нарығына жол тартпақ. Бұл туралы алдын-ала келісімдер Новосібір қаласында өткен бизнес-форумда жасалды.
Қазақстан мен көрші елдің іскер азаматтары бұл жолы Сібір федералды аймағының орталығында бас қосып, кәсіпкерлік саласында бірігіп жұмыс істеу жолдарын талқылады.
2.Еліміз дарынды балалар бойынша 100 мемлекеттің ішінде 12-орынға ие
1200-ден астам Қазақстандық оқушы 2016-жылы халықаралық жарыстарда бірінші орындарды иеленді. Бұл туралы «Балаға мейірімді Қазақстан» атты республикалық форум-фестивалінде айтылды.
Жалпы, еліміз дарынды балалар бойынша 100 мемлекеттің ішінде 12-орынға ие. Осы және өзге де жетістіктер форум-фестивальде паш етілді. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шараға еліміздің барлық өңірінен 500 ге жуық дарынды бала қатысуда.
3.Прагада А.Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады
Прагада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылады. Қуанышты хабарды екі елдің Сыртқы істер министрлері жария етті.
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Чехияның Сыртқы және Еуропа істері жөніндегі министрі Любомир Заоралек екі елдің сауда-саттық, мәдени-гуманитарлық саладағы қарым-қатынасын талқылады.
Осы және өзге де ақпараттар туралы толығырақ сағат 17:30-да «Kaznews» жаңалықтарынан көріңіздер.

Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жазғы лагерьлерге 3,7 млн оқушы барады
29.04.2026, 20:57
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті
29.04.2026, 20:51
100 мың түлек бір мезетте ағаш отырғызды
29.04.2026, 20:49
Елде дәрі-дәрмек өндірісі артады
29.04.2026, 20:47
5200 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді
29.04.2026, 20:10
Мәжіліс жеке сот орындаушыларына қойылатын талаптарды қатаңдататын заң жобасын мақұлдады
29.04.2026, 20:09
Qostanai tech - ғылым мен инновация алаңы
29.04.2026, 20:08
4600-ден астам адам ағза ауыстыруға зәру
29.04.2026, 20:07