Басты Жаңалықтар Заң мен тәртіп – баршаға ортақ

Заң мен тәртіп – баршаға ортақ

Иә, бұл жолы құзырлы органдардың құрығына қатардағы шенеуніктер емес, елдегі ең ірі ұлттық компаниялардың басшылары ілікті.  «Бұл заң алдында ешкімнің мәртебесі мен лауазымы артық емес екенін көрсететін жағдай», - дейді сарапшылар. Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидатының талабы да осы. Заң бәріне ортақ.

Бекмұрат Жүсіпов, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы:

Мұны«Заң мен тәртіп» қағидатының іс жүзіндегі көрінісі деп айтуға болады. Ешкім заң алдында жауапкершіліктен жалтара алмайды. Президенттің тапсырмасымен осылай әшкерелеп жатқаны Әділетті Қазақстанның, әділеттілік орнайтынының көрінісі деп ойлаймын.

Әлібек Тәжібаев, саясаттанушы:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидасы  әдемі ұран емес, нақты іс жүзінде орындалатын міндет екеніне осы жағдай кезекті рет дәлел болды. Яғни қандай атағың болса да, қандай жоғары лауазымда болсаң да, заңның алдында барлығы бірдей. Заңнан ешкім биік емес.

Бөлісу