Үлкен ауылында атомшылар қалашығы салынбақ
Алматы облысының Үлкен ауылында 33 мың адамға арналған атомшылар қалашығы салынады. Бұл туралы Түркиядағы «Аккую» АЭС-інде жұмыс істейтін қазақстандық мамандармен кездескен Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты. Жаңадан бой көтеретін кент ауыл құрамына кірмек. Онда тұрғындарға қажетті барлық инфрақұрылым, сондай-ақ атом саласына мамандар даярлайтын орталықтар болатынын атап өтті. Ал атом электр станциясының құрылысы аяқталғаннан кейін кәсіпкерлікті дамытуға пайдалану жоспарланып отыр. Агенттік басшысының сөзінше, Үлкен ауылының дамуы жастарға жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Сондай-ақ мамандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, деді.
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құқықтық жүйені жетілдіру жолдары талқыланды
12.11.2026, 20:06
Тұрғындар пікірі: Заң мен тәртіп - қоғам қауіпсіздігінің негізі
12.11.2026, 20:05
Заңға бағыну – бәріне ортақ міндет
12.11.2026, 20:04
Қара алтынның қайтарымы
12.11.2026, 20:03
Заң мен тәртіп – баршаға ортақ
12.11.2026, 20:03
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді
12.11.2026, 20:02
«Самұрық-Қазына» АҚ қызметін штаттық режимде жалғастыруда
12.11.2026, 20:02
Өндіріс саласында еңбек етіп жүрген мамандар докторантурада білім ала алады
12.11.2026, 20:01