Басты Жаңалықтар Заңға бағыну – бәріне ортақ міндет

Заңға бағыну – бәріне ортақ міндет

Заң бәріне ортақ! «Самұрық Қазына» және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы басшыларының күдікке ілінуі қоғамда қызу талқыланып жатыр. Әлеуметтік желі қолданушылары мен саясаттанушылар бұл қадамды «Заң мен тәртіп» қағидатының нақты көрінісі деген пікір білдіріп отыр. Саясаттанушы Ғазиз Әбішев бюджет қаржысы үнемделіп жатқан тұста мемлекет активтеріне қол сұққан кез келген лауазымды тұлғаға қатаң шара қолдану, ел дамуының басты шарты дейді. Ол: «Бұл жай ғана кінәлілерді жазалау емес, «Заң мен тәртіп» қағидаты үстемдігінің кезекті дәлелі. Халықтың қазынасына қол сұққан кез келген адам жазадан құтылмайды. Енді келетін жаңа басшылық осыны қаперінде ұстап, бұрынғы қателіктерді қайталамауы тиіс. Оларға жұмыс істейтін азаматтарды жинап, нақты мақсат-міндетті орындау үшін барын салуы қажет», - деді. Өзге де белсенділер мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте адамның лауазымына немесе саяси ықпалына қарамастан қатаң ұстанымын көрсетіп отыр дейді.

Бөлісу