Басты Жаңалықтар Жеті жылда 655 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Жеті жылда 655 мыңнан астам білім гранты бөлінді

Елімізде соңғы жеті жылда жоғары білім алуға мүмкіндік артты.

655 мыңнан астам мемлекеттік грант бөлініп, бюджеттен 1,5 триллион теңге жұмсалды. Сонымен қатар студенттерге әлеуметтік қолдау да күшейтілді. Жеті жылдың ішінде мемлекеттік шәкіртақы көлемі 2,5 есе өсті. Мәселен, 2019 жылы студенттер 20 мың 949 теңге алса, қазір бұл сома 52 мың 372 теңгеге жеткен. Ал педагогикалық мамандықта оқитындарға 84 мың теңге төленеді. Магистранттар болса 117 мың, докторанттар 262 мың теңге шәкіртақы алады. Ендігі міндет –   білім сапасын арттырып, түлектердің еңбек нарығында сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

80 пайыздан астамы жұмысқа орналасты деп айтуға болады. Былтырдан бастап 73 мыңнан астам кәсіпорынның сауалнамасын өткіздік. Жыл сайын осы жұмыс атқарылады. Жаңа мамандықтар «Атлас» жобасының аясында бірнеше жаңа оқу бағдарламалары ашылды, кейбір бағдарламалар жабылды. Мақсатымыз - еңбек нарығының тапшылықтарын, еңбек нарығының талаптарын максималды ескеру.

Бөлісу