Басты Жаңалықтар Орал қаласында жас өрт сөндірушілер слеті өтуде

Орал қаласында жас өрт сөндірушілер слеті өтуде

Орал қаласында жас өрт сөндірушілер слеті өтуде

Орал қаласында жас өрт сөндірушілердің III халықаралық слеті өтуде. Қатысушылар арасында елімізбен бірге Ресей және Германия мемлекеттерінен келген командалар да бар.

Бір аптадан бері балғындар тілсіз жауды ауыздықтау, апатты жағдайда әрекет ету, адамдарды құтқару бойынша жаттығулар жүргізіп, шеберліктерін шыңдады. Үйлесімділік, жылдамдық, дәлдікті талап ететін бәсекеде жастар тыңғылықты дайындықты көрсетті.

Рауан ДИӘЛИ

Бөлісу