Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Елорда күнін мерекелеуге дайындық және оны өткізу бойынша жиын өткізді. Жиын барысында қала басшысы мереке күндері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударды, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Мереке күндері құқық қорғау органдары мен барлық қалалық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істейді. Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарында және адамдар көп жиналатын орындарда, соның ішінде мерекелік шаралар өтетін жерлерде бақылау күшейтіледі. Астана әкімі тиісті органдарға учаскелік инспекторлардың тіркелген аумақтарында жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
«Елорда тұрғындары мен қонақтары олардың тыныштығы мен қауіпсіздігі қорғалатынына сенімді болуы керек», - деді Ә.Исекешев.